ZHSaken брендінің негізін қалаушымен кездесу
АТУ-да дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің студенттері ZHSaken брендінің негізін қалаушы Сәкен Жақсыбаевпен кездесті. Танымал дизайнер «Графикалық дизайн» және «Сән дизайны» мамандықтарының студенттеріне өз компаниясында жұмыс істеу туралы қызықты ұсыныс жасады. Ұсынылған жұмыстардың ішінде сұранысқа ие мамандық визуализатор да бар.
Студенттер қонаққа 3D Max, күрделі модельдер және визуализацияның әртүрлі түрлерінде өз жұмыстарын көрсетті.
Біздің университет дайындайтын мамандықтар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Біздің студенттердің барлығы дерлік университет бітірем дегенше мамандықтары бойынша жұмысқа орналасады.