ТТФ және ИжАТФ 1 курс студенттері Алматы ЭФКО-да
2022 жылы 13 желтоқсанда «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС-де (Тағам технологиялары факультеті және Инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультеті, Білім беру бағдарламалары – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» және «Биотехнология») студенттері экскурсия жасады.
«ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС-Қазақстан Республикасының аумағындағы ірі май кәсіпорындарының бірі. «ЭФКО» халықаралық компаниялар тобының құрамына кіреді.
Бүгінгі таңда компанияның қуаты:
- тәулігіне 450 тонна көлемінде соя өңдейді;
- тәулігіне 500 тонна рапс өңдейді.
«ЭФКО» компаниялары – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің май саласының көшбасшысы, Ресейдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі ең ірі компаниялардың үштігіне кіреді және тамақ өнеркәсібіндегі өнімді өткізу көлемі бойынша ең ірі компаниялар тізімінде 8-ші орында.
Студенттер теорияда оқығандарын практикада өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Экскурсия өте пайдалы болды. АТУ мансап орталығы директордың корпоративтік қатынастар жөніндегі орынбасары Прямкова Наталья Николаевнаға және «ЭФКО АЛМАТЫ» ЖШС ұжымына көрсеткен қонақжайлылығы үшін үлкен алғысын білдіреді және жұмыста сәттілік пен өркендеуді тілейді.





