АТУ «Career time» кәсіптік бағдар беру фестивалінде

Бүгін Алматыда қалалық жастар саясаты басқармасы ұйымдастырған «Career time» кәсіби бағдар беру фестивалі өтті. Онда болашақ талапкерлер қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік алды.

Фестиваль жұмысына АТУ өкілдері де қатысты: контингентті қалыптастыру басқармасының бастығы Елшибаева К.З. және қабылдау комиссиясының жетекші маманы Амангелдіқызы А. фестиваль аясында кәсіби бағдар беру консультацияларын өткізді, АТУ білім беру бағдарламалары, ҰБТ өткізу туралы ақпарат берді.