Өнер қайраткерлерімен кездесу

АТУ-да мемлекет және қоғам қайраткері Т.Қ.Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Ұлттың рухани мұрасы» атты кездесу өтті. Оны «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, ғылыми кітапхана және жастар шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.

Қонақ ретінде Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушылары: «Актерлік шеберлік және режиссура» кафедрасының доценті, Құрмет орденінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Е.А. Біләл және өнертану кандидаты, театртанушы – А.О. Мұқан шақырылды. Олар Т.Қ. Жүргеновтың халықтық білім, ғылым, мәдениет, әдебиет пен өнердің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы айтып, студенттеріміздің сұрақтарына жауап берді.

Ерлан Біләл шеберханасының оқушылары Дулат Исабековтің «Жүз жылдық махаббат» спектаклінен үзінді көрсетті.