ЭжБФ «Экономика» және «Менеджмент» мамандықтарының студенттері «Бахус» АҚ-ға экскурсиясына барып құлмақ сусындарының қалай өндірілетіндігімен танысты.
«Бахус» – Орта Азиядағы ең көне шарап зауыты. Адамның ғарышқа алғашқы ұшуы Байқоңырмен байланысты секілді, алғашқы қазақстандық жүзім алқабы, шампан және коньяк «Бахус» атауымен тығыз байланысты. Жетпіс жыл ішінде «Бахус» шампан шараптарын өндіру зауытынан еліміздің сала үздігіне дейін жолды артта қалдырды. Қазіргі күні өнімнің 80-нен астам түрін өндіреді.
Біздің студенттер үшін экскурсия пайдалы әрі танымды болғаны сөзсіз. Осындай мүмкіндік сыйлағаны үшін «Бахусқа» көп рақмет!