Ахмет Байтұрсынов атындағы мұражайға мәдени жорық

Белгілі ақын-ағартушы, ғалым, түркітанушы, педагог А. Байтұрсыновтың 150 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ПКҚ – мен бірлесіп 1-3 курс студенттеріне Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мұражай-үйіне апарды.

Студенттер ақынның өмірбаянымен танысты, отбасы туралы, оның достары мен пікірлестері туралы баяндайтын құжаттар мен фотосуреттер ерекше қызығушылық тудырды. Мұражайларға бару-уақытты қызықты әрі пайдалы өткізудің, ой-өрісін кеңейтудің және бейресми жағдайда курстастарымен және оқытушылармен жылы қарым-қатынас құрудың тамаша тәсілі.