Цой А.П. мерейтойымен құттықтаймыз!

Бүгін АТУ ректоратының кезекті отырысы жағымды жаңалықтан басталды. Профессор, техника ғылымдарының докторы Цой Анатолий Петровичті 70 жылдығымен құттықтаймыз.

Анатолий Петровичтің барлық ғылыми-педагогикалық және қоғамдық қызметі жоғары білім және ғылым жүйесімен, атап айтқанда, ол 30 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан АТУ-мен тығыз байланысты. Ғалым ғылыми әлемде үлкен беделге ие. Оның ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктері, жаңа интерактивті технологияларды енгізу, оқу процесіне қосқан үлесі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен жоғары бағаланып, ҚР БҒМ Құрмет грамотасымен, «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, үздік ғылыми қызметкер, халықаралық суық академиясының академигі (МАХ) атағымен марапатталды. А. П. Цой 150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде монографияның, оқулықтардың және КСРО-ның 10-нан астам авторлық куәлігі мен ҚР патенттерінің авторы.

Анатолий Петрович өзінің кәсіби және адами қасиеттері үшін ұжымда үлкен құрметке ие.

АТУ ұжымы мен ректорының атынан бірінші проректор Б. К. Нұрахметов мерейтой иесіне алғыс хат табыстап, зор денсаулық, мол бақыт, ғылыми және қоғамдық қызметте одан әрі де табысты болуын тіледі!