АТУ командасы тоғызқұмалақтан лайықты нәтиже көрсетті

Біздің әйелдер мен ерлер құрама командалары тоғызқұмалақтан қалалық ЖОО аралық жарыста жалпы командалық ойында 5 орынға ие болды. Бұл тамаша нәтиже, өйткені біздің студенттер алғаш рет спорт шеберлері мен үміткерлері қатысқан осы деңгейдегі жарысқа қатысуда. Әсіресе Тұрлыбек Данияр мен Оңласын Бибира ерекше көзге түсті.

Студенттерімізді құттықтаймыз және жаңа белестерді бағындыруларыңызды тілейміз!