АТУ-да «Таза сессия» акциясын өткізу бойынша Штаб құрылды
Қысқы емтихан кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және оларға ден қою мақсатында 2022-2023 оқу жылының емтихан сессиясында АТУ-да «Таза сессия» кең ауқымды акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша Штаб құрылды. Құрамында ректорат, құқықтық қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы өкілдері, Жастар кеңесі, АТУ Студенттер Сенаты бар.
Егер сіз емтихан сессиясы кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, штабқа хабарласыңыз:
Штабтың орналасқан жері: Алматы қ., Төле би к-сі, 100, № 211 кабинет (2 қабат)
Телефон: 8 (727) 293-52-89, 292-04-74, 293-53-29, 8 775 140 53 13
Бұйрықтың мәтінімен мына жерден таныса аласыз:
Приказ о создании Штаба по организации и проведению акции Чистая сессия.pdf – Google Диск