Психологтармен және Дәрігерлермен кездесу

АТУ-да бірінші курс студенттерімен және АТЭК-тің білім алушыларымен «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және репродуктивті денсаулық» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шара спикерлері, Алматы қ. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Үсенқұл М.М., Төлегенова А.Н., сондай-ақ ҚазҰМУ профессорлық клиникасының дәрігерлері, гинеколог Щитанова А.К., психолог Тұрысбекова М.С. жыныстық жолмен берілетін аурулар, АИТВ-инфекциясының қауіптілігі, жастардың психологиялық мінез-құлқының бұзылу түрлері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Мамандар аурулардың алдын алуға және жастардың репродуктивті және психологиялық денсаулығына ұқыпты қарауына үлкен көңіл бөлді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – АТУ Денсаулық сақтау пунктімен бірлесіп психологиялық қолдау қызметі.