ЭжБФ-де «Сыбайлас жемқорлық: зұлымдық па, әлде жақсылық па?» пікірсайысы өтті
2022 жылдың 1 желтоқсанында ЭжБФ БЕжҚ кафедрасында «Сыбайлас жемқорлық: зұлымдық па, әлде жақсылық па?» тақырыбында студенттік ғылыми дебат өтті.
Зияткерлік ойынға екі студенттік команда Қаржы ББ және ЕжА ББ қатысты. Пікірталас барысында мемлекеттік органдарда, медициналық мекемелерде, білім беру жүйесінде және мемлекет экономикасы мен басқарудың өзге де салаларында сыбайлас жемқорлық тақырыбы талқыланды.
Тыңдаушылар ретінде пікірталасқа 1-3 курс студенттері, оқытушылар, ғалымдар, практикалық қызметкерлер, магистранттар шақырылды, олар студенттердің белгілі бір команданың ұстанымын қалай қорғайтынын, тезистерді талқылаудың қалай өтетінін бақылап, өздері ғылыми пікірталасқа қатыса алды.
Қазылар алқасы ретінде академиялық мәселелер жөніндегі проректор Байболова Л.К., тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Бисалиева Д.М., сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Есембаева Б.А., экономика және бизнес факультетінің деканы Абдраимова Д.Б. шақырылды.
Пікірталас қызу әрі белсенді өтті. Студенттер мен қазылар алқасының мүшелері тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, мардымды жауаптар алынды.