«АТУ» АҚ оқу-әдістемелік семинары
2022 жылдың қараша айының соңында «АТУ» АҚ-да университеттің ПОҚ-ы үшін оқуәдістемелік семинар өткізілді, семинар барысында семинарға қатысушыларға оқу процесін ұйымдастырудың дәстүрлі әдістеріне балама ретінде оқыту процесінде қолданылатын ресурстар көрсетілді. Академиялық сұрақтар жөніндегі проректор, т.ғ.д., профессор Байболова Л.К. әрбір оқытушы пәндердің ерекшеліктерін ескере отырып, интерактивті оқыту технологияларын тиімді пайдалану бойынша өз тәжірибесімен бөлісе алатын университет факультеттері деңгейіндегі оқу-әдістемелік алаңдардың жұмыс істеу қажеттілігіне назар аударды.
Семинарға қатысушыларға сабақтарды өткізудің «Аукцион», «Іскерлік ойындар», «Сторителлинг», «КейсСтади» сияқты кейбір формаларын іс жүзінде қолдану бойынша мазмұнды бағдарлама ұсынылды.
Жеке оқыту, интерактивті сабақтарды ұйымдастыру кезіне бұлтты технологияларды пайдаланудың практикалық мүмкіндіктері, интерактивті технологияларды қолдану ерекшеліктері мен техникалық пәндер бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарды ұйымдастыруға арналған құралдар көрсетілді.



