«Инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тренингі

2022 жылдың 30 қарашасында «АТУ» АҚ-да инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тренинг өтті. Тренингке қатысушылар БББ әзірлеу бойынша практикалық дағдыларды игерді және ҚР ҒжЖБМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы БББ сарапшылары – т.ғ.д. Л.К. Байболованың, т.ғ.д., асс. профессор А.М.Таеваның, т.ғ.к. Н.К. Ахметованың ұсынымдарын алды.

Командалық жұмыс барысында университеттің дайындық бағыттарын ескере отырып, инновациялық бағдарламалардың практикалық әзірлемелері ұсынылды. Қатысушылар инновациялық БББ-ның мақсаттары мен мазмұнын, пәндерді, модульдерді дамыту мүмкіндіктерін және олардың нәтижелілігін тұжырымдады.