АТУ ТТФ ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің халықаралық Күні мерекесі атап өтілді!

🍽️АТУ Тағам технологиялары факультетінде ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің халықаралық Күні мерекесі атап өтілді!

🧀 Біздің оқытушылар мен студенттер ірімшік өндіру бойынша шеберлік сыныптарын, сондай-ақ «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды.

Сонымен қатар студенттер концерттік бағдарлама ұйымдастырды! Біздің студенттер ән айтып, би билеп қана қоймай, көптеген конференцияларға, олимпиадаларға және байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. 💪Сондай-ақ, АТУ-дың қолдауымен шетелде тұрақты тағылымдамадан да өтеді, онда олар өз білімдерін іс жүзінде қолданнып, мамандықтың барлық қыр-сырын игере алады!

👏 Іс-шараға «Қазақстан ұлттық қой өсірушілер Одағының» Бас директоры, Республикалық қой шаруашылығы палатасының атқарушы директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Жұмадиллаев Н.К. және ТТФ түлегі, ал қазірг «Craft Chesee» қолөнер ірімшік зауытының технологы Әден Салтанат шақырылды. Мереке аясында Салтанат фета ірімшігін дайындау бойынша мастер-класс өткізді.

🥳Осы саланың барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз еленіп, жемісті де табысты болуына тілектеспіз!