АТУ-да «Агрессия деңгейін қалай басқаруға болады» тренингі

«Зорлық-зомбылықты тоқтату!» АТУ-да «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Мемлекеттік және Шет тілдері» кафедрасымен бірлесіп ұйымдастырған «Агрессия деңгейін қалай басқаруға болады» тақырыбында тренинг өтті. «Жан-Сая» дағдарыс орталығы КММ психологтары Ізтілеуова Маржан мен Маусеитова Салтанат өз кеңестерін берді.

Тренингте студенттер өздерінің мінез-құлқын басқару әдістері мен дағдыларын, жанжалды жағдайларға қарай қалай дұрыс жауап беру керектігін үйренді. Психологтар біздің студенттердің белсенділігі мен эмоционалды тұрақтылығын атап өтті.