АТУ-да Ашық есік күні өтті

Бүгін біздің университетте Ашық есік күні өтті. Біздің студенттер болашақ мектеп түлектеріне біздің факультеттеріміз туралы, қос диплом бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндігі туралы айтып берді. Сондай-ақ, АТУ контингентін қалыптастыру басқармасының бастығы, PhD Елшибаева К.З. ҰБТ жаңалықтары туралы өзекті ақпаратпен бөлісті, барлық сұрақтарға жауап берді. Студенттеріміз дайындаған концерттік бағдарламадан кейін балаларға АТУ бойынша экскурсия жасауға және біздің университеттің тыныс тіршілігін өз көздерімен көруге мүмкіндік берілді.

Бізге келгендердің барлығына алғыс айтамыз және сіздерді АТУ-да күтеміз!