АТУ «Білім және мансап – 2022» көрмесінде

Алматы технологиялық университеті бүгін Алматы қаласында «Атакент» көрме орталығында басталған «Білім және мансап – 2022» халықаралық білім беру көрмесіне қатысуда.

«Білім және мансап» көрмесі Қазақстанда өткізілетін халықаралық білім беру бойынша ірі көрмелердің бірі. Бұл көрмеде барлық ниет білдірушілер АТУ туралы, біздің білім беру бағдарламаларымыз туралы толық ақпарат ала алады, сондай-ақ барлық мәселелер бойынша толық кеңес ала алады.

Біздің көрме стендіміз көрме кешенінің 10-павильонында орналасқан!!! Сіздерді «Білім және мансап – 2022» көрмесінде күтеміз!!!