«Әдебиеттегі сыбайлас жемқорлық тақырыбы» атты дөңгелек үстел
АТУ ғылыми кітапханасында «Әдебиеттегі сыбайлас жемқорлық тақырыбы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс – шараның негізгі міндеті – университет студенттері арасында сыбайлас жемқорлықтан жалпы бас тартуды қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қолдау болды. АТУ ғылыми кітапханасының директоры Төлекова Бақыт Тұрсағұлқызының жетекшілігімен студенттер көркем әдебиеттегі сыбайлас жемқорлық көріністері мен олардың қоғамға тигізетін зардаптарын талқылады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарын іздеу тақырыбы да қозғалды.
Мұндай іс-шаралар ғылыми кітапханада тұрақты түрде өткізіледі және оқырмандардың қызығушылығын арттырып келеді.