«Стартаптар – бұл не және оларды қалай құруға болады?» тақырыбында ЭжБФ-де қонақ дәрісі өтті
Экономика және бизнес факультетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасында «Стартаптар — бұл не және оларды қалай құруға болады? Стартап жобаларды іске асыруды мемлекеттік қолдау» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Спикер ретінде ҚБТУ бизнес-инкубаторының менеджері Д. Н. Баянғалиева сөз сөйледі, ол старатаптың өмірлік циклі, дайын бірегей өнімге өзінің бизнес-идеясын қалай іске асыру керектігі, сондай-ақ одан әрі масштабтау, нарыққа шығу және толыққанды бизнеске айналу жолдары туралы айтып берді.
Студенттерге дәріс өте қызық болды. Осындай мазмұнды дәрістер бізде жиі болып тұрады. Балалар өздері үшін көптеген пайдалы ақпарат алды.