Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша бірінші курс студенттерімен кездесу

АТУ-да бірінші курс студенттерінің құқық қорғау органдарының, қаржы құрылымдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті. Оның ұйымдастырушылары-психологиялық қолдау қызметі және АТУ Жастар Кеңесі.

Іс-шараның негізгі мақсаты — қаржылық сауаттылықты арттыру және лудоманияның алдын алу. Бүгінгі таңда Қазақстанда жастарды түрлі қаржы пирамидаларына тарту мәселесі өзекті болып отыр.

Кездесуде мәселенің өзі және оның салдары туралы айтылды. Баяндамаларда басты назар алдын алу мәселелеріне аударылды. Күмәнді қаржылық схемаларға қалай араласпауға болады, алаяқтар қандай әдістерді қолданады, несие алу керек пе, құмар ойындар мәселесі туралы және т.б. Сондай-ақ, мамандар өздерінің қаржылық сауаттылығын арттыру, жастар мен кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары және т.б. туралы өз ұсыныстарымен бөлісті.

Іс – шара спикерлерінің қатарында Алмалы ауданы прокуратурасының қызметкерлері Жылқыбаев Ж.К., Көлбаев С.К., ҚР Қаржы нарығын реттеу агенттігінің бас маманы Ақмаев Дмитрий, «Isker isi» әлеуметтік ауқымды жобасының жетекшісі Шералиева Б. К., Алматы заң консультанттары палатасының төрағасы Бердібекова Г. А., жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тоғызбаева Н.А., «Қазақстан Республикасының букмекерлік және лотерея бизнесінің өзін-өзі реттейтін ұйымы Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Дуамбеков Г.Ж. және басқалар.

Кездесуде студенттер көптеген пайдалы ақпарат алды.