Мастер-класс: «Қаржылық сауаттылық: банк өнімдері, алаяқтық операциялар»
2022 жылғы 23 қарашада экономика және бизнес факультетінде «қаржы сауаттылығы: банк өнімдері, алаяқтық операциялар» тақырыбы бойынша «ЭжМ» және «БЕжҚ» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Карточкалық бизнес орталығының бас менеджері Бақытжан Ардақ Бақытжанқызының қатысуымен қонақ дәрісі өтті. Маман алаяқтықтың заманауи және кең таралған түрлері және оларды қалай болдырмауға болатындығы туралы айтты.
Ақпарат студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды және олардың қаржылық сауаттылығын арттыру тұрғысынан өте пайдалы болды.