«Үздік студент-2022» Республикалық байқауының қорытындысы

«Үздік студент-2022» Республикалық байқауының қорытындысы бойынша біздің студенттер жүлделі орындарға ие болды. Шәкір Камила – ДТжКТФ, Бердалы Бибіана – ТТФ, Еркін Меруерт – ЭжБФ 4 курс студенттері 2 дәрежелі диплом алды, ФЭиБ 3 курс студенті Құрманғали Дулат 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ресми марапаттау рәсімі Астана қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Жаңа Қазақстанның дарынды жастары» республикалық конференциясы аясында өтті.

Студенттерімізді құттықтаймыз! Сіздер мықтысыздар! Жаңа табыс пен биік белестерді бағындыруларыңызды тілейміз!