Біздің студентіміз ЖОО аралық оқырмандар байқауында 1 орын алды

2022 жылдың 25 қарашасында Қазақ-Ресей медицина университетінде қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовтың 125 жылдығына орай қазақстандық ЖОО арасында «М.Әуезов мұрасы – рухани қазына» атты студенттер байқауы болып өтті.

Алматы технологиялық университетінен Экономика және бизнес факультеті, «Қаржы» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Әр түрлі номинациялар бойынша өткізілген байқауда, 1 курс студенті Худайбердиева Шахсанам М. Әуезов шығармаларын мәнерлеп оқу бойынша 1-орын жеңіп алды.

Сонымен бірге байқауға қатысқан барлық студенттер арнайы сертификат табыс етілді. Ал осы студенттерге жетекшілік еткені үшін «Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD К.Елшибаева ұйымдастырушылар тарапынан арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

Біз әріптесімізді және жүлделі орын алған студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз.