Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу: бірінші курс студенттерімен кездесу
АТУ-да студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру бойынша бірінші курс студенттерімен кездесу өтті. Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасының бас маманы Шажағұлова М.Р. сыбайлас жемқорлық көріністерінің түрлері, олардың салдары, алдын алу шаралары туралы айтып берді.
АТУ Құқықтық қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Есембаева Б.А. білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар шеңберінде, емтихан сессиясы кезеңінде университетте «Таза сессия» акциясы өткізіліп, арнайы штаб құрылып, сыбайлас жемқорлық фактілері туындаған жағдайда жүгінуге болатын сенім телефоны жұмыс істейтіні туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Біздің университет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық менеджмент жүйесіне сәйкес ең заманауи сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдістемелер мен процестер енгізілетін еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған студенттермен осындай профилактикалық кездесулер АТУ қабырғасында тұрақты негізде өткізіледі.