«DOSTYQ» шетелдік студенттер клубының салтанатты ашылуы
АТУ-да «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының жанындағы «DOSTYQ» шетелдік студенттер клубының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараны республикалық Достық үйі, АТУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы, АТУ халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасы және АТУ жастар шығармашылығы орталығы ұйымдастырды.
Салтанатты ашылуға Қазақстанның «Филия» грек қоғамы қауымдастығының төрағасы Иорданиди Г.К., РҚБ «Жастар Ассамблеясы» республикалық орталығының мүшелері, Йылмаз Сафарауыл, Джинлиров Арафат, Шыныбеков Жалғас – Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінің бас сарапшысы шақырылды. «Шаңырақ «Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралар қауымдастығы» РҚБ төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Калашникова Н.П. бейне құттықтау сөз сөйледі.
Студенттік клубты ашудың мақсаты – шетелдік студенттерге студенттік ортаға бейімделуге көмектесу және әртүрлі елдердің студенттері арасында достық қарым-қатынас орнату. Сондай-ақ, осы жоба аясында балалар біздің және шетелдік студенттердің мәдениетін, әдет-ғұрпын және ұлттық өнерін жақсы біле алады.
Іс-шара көрермендеріне арнап Республикалық Достық Үйінің өкілдері – Әділбек Өтесінов және республикалық корей театрының өкілі- Виталий Лимен бірлесіп концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.



