ЭжБФ студенттеріне грамоталар тапсыру

Экономика және бизнес факультетінде АТУ бірінші проректоры Нұрахметов Б.К. өзінің жетістіктерімен ерекшеленген студенттерге грамоталар табыс етті. Олардың қатарында «Туризм индустриясының үздік мамандары» республикалық байқауында «Туризм бойынша Үздік студент» номинациясында 2 орын алған Сәдуақасова Сания, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен дебатта 3 орын алған «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының 3 курс студенттері Құрманғали Дулат пен Нұрғали Мейірман бар.

Сондай-ақ, Асқар Әйгерім «Қаржы жүйесін цифрландыру: Қазақстандағы қаржы қызметтерін дамытудың өзекті трендтері мен перспективалық бағыттары» атты халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясының 1 дәрежелі дипломын алды. Әйгерім «Макроэкономикалық факторлардың Қазақстан экономикасына инвестициялар тартуға әсері» тақырыбында баяндама жасады.

АТУ бірінші проректоры Нұрахметов Б.Қ., ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Алиев Б.А., ЭжБФ деканы Абдраимова Д.Б. балаларды табыстарымен құттықтап, жаңа жобалар мен жетістіктер тіледі. АТУ бүгінде ғылыми әзірлемелерге, студенттердің шығармашылық әлеуеті мен өршіл жобаларына үлкен мүмкіндіктер ұсынады.