Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер! Сіздерді 2023 жылдың 23 ақпанында Алматы қаласындағы Алматы технологиялық университетінде өтетін ҚР ҰҒА академигі Құралбек Сәдібайұлы Құлажановтың 80 жылдығына арналған «Тағам және жеңіл өнеркәсіптеріндегі химиялық технология мен инженерияның заманауи даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысына қатысуға шақырамыз

Конференция Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор Құлажанов Құралбек Сәдібайұлының 80 жылдық мерейтойына арналған.

Академик Қ.С. Құлажанов 580-нен астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде Қазақстанның химия, мұнай-химия, тағам және жеңіл өнеркәсіптеріне инженер-технологтарды даярлау мақсатында бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларына арналған 5 монографияның, 42 оқулық пен оқу құралдарының авторы болып табылады. Ғылыми жетістіктері Қазақстан Республикасының, Еуразияның, Еуропаның және АҚШ-тың 71 авторлық куәліктерімен және инновациялық патенттерімен расталған.

Академик Қ.С. Құлажановтың ғылыми қызметі органикалық заттардың каталитикалық синтезінің химиялық технологиясы саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің қалыптасуымен және дамуымен, халықаралық стандарттарға сай келетін жоғары тиімді тежегіш сұйықтықтарды әзірлеумен, инновациялық нанотехнологияларды, АӨК өнімдерін кешенді өңдеудің ионоозондық және лазерлік технологияларын пайдалана отырып, жаңа буынның экологиялық қауіпсіз тамақ өнімдерін өндірумен байланысты.

Академик Құралбек Сәдібайұлы поли – және бициклді көмірсутектердің, нитроароматты және арилацетиленді қосылыстардың бағытты түрлену реакцияларының органикалық синтезі мен катализі теориясына елеулі үлес қосты. Адамантан көмірсутектерінің каталитикалық синтезі бойынша ғылыми нәтижелері шетелдерде кеңінен танылды.

Құралбек Сәдібайұлы жүргізген іргелі ғылыми зерттеулер өндірісте тікелей қолданылады. Барлық климаттық аймақтарда, соның ішінде қиыр солтүстік аудандарында пайдалану үшін МК маркалы жаңа жоғары тиімді тежегіш сұйықтықтар енгізілді. Қ.С. Құлажановтың басшылығымен 70-тен астам жаңа органикалық заттар синтезделді, олардың 28-і биологиялық белсенді заттардың қауіпсіздігі бойынша мемлекеттік тіркеуден өтті. Синтезделген қосылыстардың психотропты, қабынуға қарсы, гемолитикалық, вирусқа қарсы және анальгетикалық белсенділігі бар екендігі анықталды. Физиологиялық қасиеттерінің кең спектріне байланысты синтезделген қосылыстар медицинада да, тамақ өнеркәсібінде де кең практикалық қолдануды тапты. К.С. Құлажановтың ғылыми зерттеулерінің нәтижесі 7 ғылым докторы мен 10 ғылым кандидатын даярлау болып табылады.

Академик Құралбек Сәдібайұлы Қазақстанның индустриялық-инновациялық және стратегиялық дамуына ерекше көңіл бөледі. Қ.С. Құлажановтың жетекшілігімен АТУ Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші техникалық жоғары оқу орнына айналды. ЖОО қабырғасында жастар Қазақстан экономикасының барлық салаларында сұранысқа ие жоғары инженерлік-технологиялық білім алады.

2022 жылы АТУ QS World University Ranking әлемдік рейтингіне еніп, 561-570 орынға ие болды. Азия елдерінің жоғары оқу орындары арасында QS рейтингінде біздің университет 301-350 орын және Орталық Азия өңірі елдерінің жоғары оқу орындары арасында 14 орынды иеленді. QS Stars рейтингіне сәйкес университет беделді марапатқа – 4 жұлдызға ие болды, бұл жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Конференцияға ғалымдар, мамандар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шет елдердің бизнес-құрылымдары мен БАҚ өкілдері, сондай-ақ қаралып отырған мәселелерге қызығушылық танытатындар шақырылады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

Секция 1 – Жаңа заттар мен материалдардың химиясы мен химиялық технологиясын дамытудың заманауи аспектілері;

Секция 2 – Азық-түлік химиясы: жаңа тәсілдер және өзекті зерттеулер;

Секция 3 – Химиялық инженерия және процестер;

Секция 4 – Жеңіл өнеркәсіптегі нанохимия және нанотехнология;

Секция 5 – Мұнай-химия, тағам, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының ғылымы мен экономикасының интеграциясы.

Конференцияға қатысу нысаны

– баяндама жасау;
– стендтік баяндамалар.

Конференция материалдарының жинағы конференция өтетін күнге дейін шығарылады. Жинаққа ISBN халықаралық индексі беріледі. 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. 

Баяндамаларды ресімдеуге қойылатын талаптар 

Баяндамаларды ұсыну үшін конференцияның ресми сайтында www.conference-atu.kz online режимде электрондық тіркеуден өту қажет. Баяндама толтырылған тіркеу формасына жеке файлмен бекітіледі. Файл атауы-бірінші автордың тегі.

  1. Жариялауға MS Word (doc немесе docx) форматындағы файлдар түрінде ұсынылған баяндамалар қабылданады.
  2. Баяндама көлемі 3 беттен аспауы тиіс.
  3. Жарияланған баяндамалар төмендегі дәйекті орналастырылған элементтерден тұрады (дәл осы ретпен олар баяндама мәтіні бар авторлық файлда орналасуы керек):

– 1-жол: жоғарғы сол жақ бұрышта ӘОЖ индексі көрсетіледі. Қаріп өлшемі – 14 пт., солға туралау;

– 2-жол: баяндаманың атауы (жолдың ортасында бас әріптермен тікелей қалың қаріппен, 14 пт.);

– 3-жол: автордың (авторлардың) аты-жөні мен тегі, автордың тегінен кейін жұмыс орнының аффилиирленуін цифрлармен көрсету (ортасында кіші әріптермен үтір арқылы қалың курсивпен, 14 пт.);

– 4-жол: ұйымның атауы (лар) (ортасында кіші әріптермен қалың курсивпен, 14 пт.);

– 5-ші жол: e-mail (бір немесе бірнеше), (ортасында асты сызылған кіші әріптермен 14 пт.);

– 6-жол: бос, 14 пт.;

– 7-ші жол және одан әрі: Қызыл жолдан мақала мәтіні. Қызыл жол (шегініс) – 1 см. Қаріп 14 пт. Мәтінде кездесетін шартты белгілер мен қысқартулар оларды мәтінде бірінші рет айтқан кезде ашылып жазылуы керек.

  1. Мәтін шекараларын туралау-ені бойынша, тасымалдауға рұқсат етіледі. PDF және text форматындағы файлдар қабылданбайды. Қаріп-Times New Roman.
  2. Баяндамаларда сілтемелер мен әдебиеттер тізімін пайдалануға жол беріледі, мәтінде пайдаланылатын дереккөздерге (әдебиеттерге) сілтемелер болуы тиіс. Сілтемелер төртбұрышты жақшада көрсетіледі ([n]).
  3. Кестелер жұмыс өрісінің шегінде орналасуы керек. Кесте атауы беттің ортасына тураланады, кесте нөмірі беттің сол жақ шетіне тураланады. Кестелер мәтінде аталған ретпен нөмірленеді. Диаграммалар мен графиктер түрінде ұсынылған ақпарат кесте түрінде қайталанбауы керек.
  4. Жұмыс өрісі шеңберінде баяндама мәтініне тікелей орналастырылатын иллюстрацияларды (суреттер, диаграммалар, графиктер, фотосуреттер) презентация логикасына сүйене отырып пайдалану ұсынылады және оларды мәтінде атап өту тәртібімен нөмірленеді. Иллюстрациялар түсінікті болуы керек және олардағы жазулар мәтінге сәйкес келуі керек. Суреттерді JPEG, PNG, TIFF форматтарында пайдалануға рұқсат етіледі. Әр сурет үшін мәтінде кем дегенде бір сілтеме болуы керек.
  5. Суреттерге қолтаңбалар мәтінге жүгінбей-ақ түсінікті болуы үшін жеткілікті толық ақпаратты қамтуы керек (егер бұл ақпарат басқа иллюстрацияда берілмесе).
  6. Аббревиатуралар, егер бұл бұрын мәтінде жасалмаған болса, сызба астындағы қолтаңбаларда ашылып жазылады.
  7. Негізгі мәтіннен кейін жаңа жолда «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» деген тіркес көрсетіледі. Келесі жолда МЕМСТ 7.0.5– 2008 бойынша ресімделген пайдаланылған әдебиеттердің тізімі орналастырылады.

Баяндама авторлары ұсынылған материалдардың түпнұсқалығы, дұрыстығы мен толықтығы үшін толық жауап береді. Материалдар авторлық редакцияда жарияланады және өзгертуге жатпайды.

Баяндамаларды ұсыну мерзімі – 2023 жылғы 22 қаңтарға дейін (қоса алғанда). Ұйымдастыру комитеті талаптарды бұза отырып ресімделген, конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе 2023 жылғы 22 қаңтардан кейін алынған баяндамаларды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Баяндамалар www.conference-atu.kz сайтында орналастырылады.

Конференцияға келуге байланысты шығындар қатысушылар есебінен жүзеге асырылады. 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би көш., 100
Алматы технологиялық университеті
тел. +(727) 293-53-10, іш. 178, 243, факс +(727) 293-52-92
e-mail: conference@atu.kz