Алматыда Kazakhstan Fashion Week 31-ші сән апталығы аяқталды
Алматыда Kazakhstan Fashion Week 31-ші сән апталығы аяқталды. Биыл оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзірбайжаннан келген дизайнерлер қатысты.
Kazakhstan Fashion Week аясында New generation Open WAY 2022 ұлттық жас дизайнерлер байқауы өтті. Байқауға қатысуға жіберілген 300 – ден астам өтінімнің ішінен тек 36 жұмыс таңдалды, олардың ішінде АТУ Дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің жас дизайнерлерінің жұмыстары.
Құрамында сән және өнер әлемінің көрнекті қайраткерлері бар кәсіби қазылар алқасының алдында финалистер Этно-стильдегі киім үлгілерін ұсынды.
Конкурстың финалистері дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің, «Дизайн» кафедрасының түлектері, жас әрі перспективалы дизайнерлер – Ажибаева Ажар, Нұрдәулет Бекетаев және Томирис Алданаева болды. Ажар Әжібаева Коллекциясының жетекшісі – Дизайн кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сәбитова Әлима Мұқышқызы.
Түлектерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!! Жаңа жоғары жетістіктер мен жеңістер тілейміз!!! Қазақстандық сәннің болашағы біздің университетіміздің түлектері екені сөзсіз!!!