ТТФ студенттері мен оқытушылары балалар үйіне барды
АТУ – игі істер қоржыны толықтырыла бермек. Дүниежүзілік балалар күніне орай біздің Тағам технологиялары факультетінің «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының СжСӨТ-21-11,12,13, ЕжЕӨТ-19-11, МШӨӨТ-19-11-12 тобының студенттері мен кураторлары: Матибаева А.И., Джетписбаева Б.Ш., Абильмажинова Н.К., сондай-ақ Ғылым басқармасының басшысы Мұхтарханова Р.Б., Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының басшысы Көшербаева Л.М. Алматы қаласындағы қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығына барды. Бұл кездесу балалардың өмірінде ерекше есте қалары сөзсіз. Себебі орталықта шығармашылық аниматорлар, байқаулар, әндер, билер және әрине, сыйлықтармен көңілді мерекелік кеш ұйымдастырылды. «Әлемді мейірімділік құтқарады»-демекші, балалардың жүзіндегі ризашылық пен қуаныш әр жүректі тебірентпей қоймады.