«ESG – трансформация: жаңа парадигма» дөңгелек үстелі
18 қарашада экономика және бизнес факультетінде «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен «ESG – трансформация: жаңа парадигма» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге БҰҰ әлем университетінің, қаржы нарығының тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің, CONSOB, Diogene Srl («Парето академиясы»), Eurispes экономикалық, саяси және әлеуметтік зерттеулер институтының тұрақты даму зертханасының ғылыми кеңесінің, CAREC институтының және т.б. өкілдері қатысты.
Баяндамалар қызығушылық пен қызу пікірталас тудырды. ESG бойынша одан әрі ынтымақтастық пен проблемалық мәселелерді талқылау үшін осы тақырып бойынша екінші дөңгелек үстел құру ұсынылды.