АТУ Ғылыми кітапханасына авторлардың қолтаңбасы қойылған жаңа оқулық сыйға тартылды

Заманауи форматта әзірленген «Ақша, Несие, Банктер» атты жаңа оқулықтың авторлары АТУ Ғылыми кітапханасына авторлардың қолтаңбасы қойылған кітаптарды сыйға тартты. Оқулық авторларының арасында э.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Искаков У.М. және БЕжҚ кафедрасының меңгерушісі Рузиева Э.А. бар.