Ұлттық-мәдени орталықтармен кездесу

17 қарашада Алматыда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.Қ. Тоқаевтың Республикалық штабының мүшелері еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерімен және ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдерімен кездесті. Оған АТУ «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, РАЕ корреспондент-мүшесі З. М. Кодар қатысты.
      Кездесуге қатысқан Республикалық сайлауалды штаб мүшелерінің арасында Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров және басқа да қоғам қайраткерлері бар.  Іс-шараға қатысушылар Қ.Қ. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» атты сайлауалды бағдарламасына қолдау білдірді.  Біздің бірегей көпұлтты мемлекетімізде ортақ құндылықтар мен мәдениетті нығайту мен дамыту, бейбітшілікті, бірлік пен келісімді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.