16 қарашада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының техникалық жоғары оқу орындарының студенттерімен және жас ғалымдарымен кездесті

16 қарашада Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының техникалық жоғары оқу орындарының студенттерімен және жас ғалымдарымен кездесті. Іс-шараға 9 жетекші техникалық ЖОО қатысты, оның ішінде Алматы технологиялық университеті де болды.

Кездесуде біздің тағам технологиялары факультетінің 4 курс студенті Димаш Тапалов АТУ ғалымдарының «ұзақ сақталатын қант қызылшасын өңдеудің және терең өңдеудің инновациялық технологиялары» жобасын таныстырды. Бұл жоба – біздің университет ғалымдарының қант өнеркәсібін дамытуға және елдегі қантпен қамтамасыз ету мәселесін (импортты алмастыру мәселелерін) шешуге қосқан үлесі.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде ұсынылған барлық бірегей ғылыми әзірлемелер мен технологиялық стартаптардың ел үшін маңызы зор екенін атап өтті.