Болашақ түлектердің «Қаржы орталығы» АҚ өкілімен кездесуі
16 қараша 2022 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын бітіруші курс студенттері үшін ақпараттық-түсіндіру жиналысы өтті.
Модератор: Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Байболова Л. К.
Спикер: «Қаржы орталығы» АҚ мониторинг департаменті директорының орынбасары Ақзира Серікқалиқызы
Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Байболова Л.К. ашылу рәсімінде сөйледі.
Ләззат Кемербекқызы бітіруші курс студенттерін «Қаржы орталығы» АҚ мониторинг департаменті директорының орынбасары Ақзира Серікқалиқызымен таныстырды.
Ол барлық бітіруші курс студенттерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасы азаматтарының жұмысты өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе міндетін тоқтату қағидалары» жөніндегі қаулысымен таныстырды. Бітіруші курс студенттері «Қаржы орталығы» АҚ мониторинг департаменті директорының орынбасары Ақзира Серікқалиқызына сұрақтар қойды. Сұрақтар көп болды. Барлығын жұмыспен өтеудің қайда және қалай өтетіні, кім еңбекпен өтеуден босатылатыны туралы сұрақтарға жауаптар алу қызықтырды.
Ақзира Серікқалиқызы олардың құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.