«ESG – трансформация: жаңа парадигма» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
18 қараша күні сағат 15.00-де экономика және бизнес факультетінде «ESG – трансформация: жаңа парадигма» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел жұмысына жетекші қазақстандық және шетелдік мамандар, соның ішінде БҰҰ бейбітшілік институтының, Қаржы нарығы тұтынушыларының құқықтарын қорғау Департаментінің, CONSOB, Diogene Srl («Парето академиясы») компаниялары жөніндегі комиссияның, Еurispes экономикалық, саяси және әлеуметтік зерттеулер институтының тұрақты даму зертханасының ғылыми кеңесінің өкілдері және басқалар қатысады.
Өтетін орны: АТУ ГУК, 614 аудитория, «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы.