Алматы қаласы №11 мектепте кәсіптік бағдар беру кездесуі
Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондент-мүшесі, Қодар З.М. Алматы қаласының №11 орта мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді. Ол АТУ артықшылықтары туралы, біздің университетте қандай мамандықтар алуға болатындығы туралы айтып, оқушыларды еліміздегі ең үздік техникалық жоғары оқу орындарының біріне түсуге шақырды.
Сондай-ақ, оқушылармен кездесу барысында Қодар З.М. «Гендер, гендерлік сәйкестілік және феминизм» тақырыбында дәріс-тренинг өткізді. Ол осы сұрақтың пайда болу тарихы туралы айтып берді, қазіргі кезеңде бұл анықтамалар нені қамтиды, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.