АТУ-дың 65 жылдығына орай «Тағамдық биотехнология» кафедрасы «АТУ менің болашағым!» атты мерекелік шара өткізді

АТУ-дың 65 жылдығына орай АТУ тағам технологиялары факультетінің «Тағамдық биотехнология» кафедрасы «АТУ менің болашағым!» атты мерекелік шара өткізді.

Біздің студенттер мен оқытушылар әндері мен билерімен, аспаптық нөмірлермен және қызықты конкурстармен тамаша концерт ұйымдастырды. Іс-шараның басты оқиғасы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» атты көрнекті туындысы негізінде театрландырылған қойылым болды.

Біздің балалар оқуда жоғары жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, таланттарын, соның ішінде актерлік шеберліктерін байқатты! Кеш соңында сондай жақсы көңіл күйде, көрермен ықылас-қошеметімен тарқастық.