«ACADEMY BSPIK» оқу семинары өтті

«Алматы технологиялық университетінің» ACADEMY BSPIK оқыту орталығында «ФУДТЕХНИКА» ЖШС UAB Minordija (Литва) компаниясымен бірге нан пісіру өнеркәсібі кәсіпорындарының өкілдері мен тамақ технологиялары факультетінің оқытушыларының қатысуымен семинар өтті.

Литвалық UAB Minordija компаниясы-өнімдері сапалы және түпнұсқа болып табылатын нан пісіру және кондитерлік өнеркәсіпке арналған ингредиенттерді өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі.

Семинардың мақсаты – UAB Minordija өнімдерін, MIWE gvas Климаттық қондырғысын және MIWE CONDO, MIWE AERO пештерін қолдана отырып, нан және кондитерлік өнімдерді дайындау технологиясымен таныстыру және оқыту.

Технолог-кеңесші Киястутис Кинас және экспорт директоры – Артурас Шикшнис (Литва қ. Каунас) дәстүрлі литвалық қаймақ нандарын, қолөнер еуропалық нандарды, дұрыс және функционалды тамақтануға арналған заманауи нан өнімдерін (ашытқысыз, глютенсіз, дәнді дақылдар), фастфудқа арналған нан өнімдерін, қатпарлы өнімдерді, сондай-ақ баяу ашытылатын және мұздатылатын технологиясы бар нан-тоқаш өнімдерін ұсынды.