Талдықорған оқушыларына арналған Ашық есік күні

АТУ-да Талдықорған мектептерінің болашақ түлектері үшін Ашық есік күні өтті. Бұл Талдықорған оқушыларының біздің университетке екінші сапары, олар мамандандырылған пәндер ретінде физика-математика, математика-информатика комбинациясын таңдады.

АТУ-дың инжиниринг және ақпараттық технологиялар, тағам технологиялары, дизайн, текстиль және киім технологиялары факультетінің өкілдері жоғарыда аталған бейіндік пәндері бар білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Бұл қандай білім беру бағдарламалары?

✅ 6В06101 Ақпараттық жүйелер
✅ 6В06102 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
✅ 6В06103 Бағдарламалық инженерия
✅ 6В07103 Автоматтандыру және басқару
✅ 6В07104 Роботтар және робототехникалық жүйелер
✅ 6В07105 Технологиялық машиналар мен жабдықтар
✅ 6В07106 Тоңазытқыш машиналары және ауаны баптау жүйелері
✅ 6В07107 Жеңіл өнеркәсіп машиналары мен аппараттары
✅ 6В07204 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және дизайны
✅ 6В07204 Тоқыма материалдарының технологиясы және дизайны
✅ 6В07501 Стандарттау, сертификаттау және метрология (тамақ өнеркәсібі бойынша)

Сондай-ақ кездесуде АТУ контингентін қалыптастыру басқармасының бастығы, PhD докторы, Елшібаева К.З. оқушыларға ұлттық бірыңғай тестілеу туралы айтып берді.

Болашақ талапкерлер қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды. Студенттеріміз концерт ұйымдастырып, келушілердің көңілін көтерді.

Мектеп түлектерін АТУ-да күтеміз! АТУ Коды: 053