Бүгін АТУ – ИжАТФ инновациялық факультетінің студенттерін қабылдау кеші өтті!

Студенттер іс-шараны ұйымдастыруға өте шығармашылықпен қарады. Ол әйгілі Гарри Поттер қиял-ертегісі стилінде өтті. Аспаптық ансамбль фильмнің саундтректерін орындады, қатысушылардың барлық костюмдері тақырыптық болды. Мерекеде, әрине, би нөмірлері мен әндер шырқалып, сондай-ақ, КВН командасының қойылымдары қойылды!

Бұл кеш біздің бірінші курс студенттері мен АТУ ұжымы үшін мәңгі есте қалатынына сенімдіміз!

Шәкірттерімізге сиқырлы тамаша оқу, барлық тілектерінің орындалуын, берік достық және қызықты студенттік өмір тілейміз!