АТУ QS Stars 4 жұлдызымен бағаланды ⭐️⭐️⭐️⭐️

Бұл атақты халықаралық рейтинг жүйесі университеттерді негізгі критерийлердің кең ауқымы бойынша бағалайды. Екі санат бойынша: оқыту және жұмысқа орналастыру бойынша біздің университет 5 жұлдыздан алды. АТУ әлемдегі ең жақсы университеттер деңгейінде сапалы білім беру үшін бар күшін салады және QS жұлдыздары университетке халықаралық аренадағы имиджін жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

АТУ марапатын тапсыру үшін QS Quacquarelli Symonds компаниясының президенті және негізін қалаушы Нунцио Квакварелли және QS Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша аймақтық директоры Сергей Владимирович Христолюбов арнайы келді.

Біздің ұжымды осынау тамаша жетістіктерімен құттықтаймыз, АТУ-ға халықаралық аренада одан әрі де мол табыс тілейміз!