АТУ-дағы ең үлкен ТТФ-де cтуденттерді қабылдау кеші ұйымдастырылды!
🌟 Іс-шара Таланттар шоуы стилінде өтті! Бұл әрине, таңсық емес, өйткені тағам технологиялар факультетінде талантты жастар өте көп. Біздің студенттер мерекелік гала-концертке мұқият дайындалған: би нөмірлері, әндер мен әзіл-сықақ қойылымдар болды.
💃🏻 Бүгін біз ТТФ студенттеріміздің барлық жағынан талантты екеніне тағы да көз жеткіздік! Олар элита және тамақ өнеркәсібінің болашағы ғана емес, сонымен қатар таланттар шоуының жұлдыздары да бола алатынын дәлелдеді.
🤩 Шын жүректен құттықтаймыз!!! Сіздерге қызықты оқу, сондай-ақ, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!