Шерхан Мұртазаның 90 жылына арналған іс-шара

Бүгін АТУ-да Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған Дөңгелек үстел өтті. Шерхан Мұртаза – көрнекті мәдениет қайраткері, қазақ әдебиетінің корифейі, артында баға жетпес шығармашылық мұра қалдырған халық жазушысы. Олардың іішінде «Қызыл садақ» және «Қара алқа» романдары, «Ахметжанның антасы» және «Белгісіз солдаттың баласы» повестері, «Сталинге хат» пьесасы және басқалар. Ш.Мұртазаның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.

Дөңгелек үстел барысында Ғылыми кітапхана директоры Төлекова Бақыт Тұрсағұлқызы Шерхан Мұртазаның қазақ қоғамының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді. Экология 22-11 және ССӨТ (Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы) 21-11,21-13, 21-23 топтарының студенттері, кураторы «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Матибаева А.И., Ш.Мұртазаның өмірбаяны мен шығармашылық мұрасы туралы баяндамалар дайындады, оның өлеңдерін оқыды, халық жазушысын еске алу үшін ән арнады. Дөңгелек үстел модераторы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасың меңгерушісі, ф.ғ.д., РЖА корреспондент мүшесі Кодар З.М болды.

Осы Дөңгелек үстел «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы АТУ Ғылыми кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырған алғашқы іс-шара емес. Мұндай бірлескен іс-шаралар еліміздің мәдени және рухани құндылықтарын сақтауға, оларға жастарды тартуға бағытталған, бұл қоғамның келісімі мен тұрақтылығын сақтаудың маңызды шарттарының бірі.