Кеше «EURASIAN FASHION WEEK» сән іс-шарасы аясында АТУ өзінің коллекциялары мен жұмыстарын ұсынды
👗 Дизайнер Алданаева Айсұлудың «Follow the sun» сән топтамасы FASHON FOR FUTURE байқауының көрсетілімін ашты. Айсұлу ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі және ATУ ДТжКТФ Дизайн кафедрасының оқытушысы. Біздің дизайнердің коллекциялары сән апталығы мен түрлі байқауларда үнемі топ жарып, көрермендерді таңдай қаққызады.
🥰 FASHON FOR FUTURE байқауы аясында біздің студенттер Сандр Андрей мен Ес Ақнұр өз жұмыстарын сәтті ұсынды. Залдың қошеметі біздің шәкірттердің барлық көрермендердің көңілінен шыққанын растады.
👏🏻🏆 Андрей мен Ақнұр EURASIAN Fashion WEEK бас продюсерінің дипломдарымен, сондай-ақ іс-шара демеушілерінің сыйлықтарымен марапатталды.
🫰🏻Бұл біздің балалар үшін үлкен сән әлеміндегі үлкен және табысты жолдың басы екеніне сенімдіміз!
🤩 Айсұлу, Андрей және Ақнұрға жаңа табыстар, шығармашылық ұшқырлық және таланты бүкіл әлемді тәнті етуін тілейміз! Біздің университет бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасайды!