АҚШ-та «Еуразия үшін суық тізбек логистикасы» іскерлік тағылымдамалар бағдарламасы өтуде. Оған қатысу үшін ҚР халықаралық суық академиясы өкілдігінің төрағасы және Қазақстан Тоңазытқыш өнеркәсібі қауымдастығының президенті АТУ профессоры, техника ғылымдарының докторы А.Б. Цой шақырылды. Бұл бағдарлама АҚШ-та жасалған және қолданылатын салалық үрдістер мен инновациялық технологияларды көрсету арқылы Еуразиядағы Тоңазытқыш тізбегінің жоғары сапалы инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесуге бағытталған.
Бағдарламаға қатысушыларға үш апта ішінде американдық компанияларға бару, әріптестерінің тәжірибесімен танысу, пайдалы ұсыныстар, жаңа білім және іскерлік қарым-қатынас орнату мүмкіндігі берілді.