Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерді қабылдау жариялаймыз
«Алматы технологиялық университеті» АҚ 2022 – 2023 оқу жылының екінші семестріне арналған ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде студенттерді қабылдау жариялайды.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
- Оқу үлгерімі жоғары GPA;
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса алады:
- 1, 2 және 3 курс бакалаврлары (4 жылдық оқу нысаны).
Өтінімдер факультет деканаттары мен Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасында (703 кабинет) 2022 жылғы 25 қазаннан кешіктірілмей қабылданады.
Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:
- Қатысуға өтінім (нысан бойынша);
- Ректордың атына өтініш (нысан бойынша);
- Білім алушының өтініші (нысан бойынша);
- Оқуға келісім (нысан бойынша);
- Үшжақты келісім (шарт);
- Ата-аналардан қолхат (ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға үміткердің ата-аналарының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің жазбаша келісімі);
- Ағымдағы үлгерім туралы транскрипт (қаз. орыс. тіл);
- Жеке куәліктің көшірмесі 2 дана (салыстырып тексеру үшін жеке куәліктің түпнұсқасы);
- Фото 3*4 (2 дана);
- Жеке оқу жоспары 3 дана (нысан бойынша);
- Қашықтықтан оқытуға өтініш (нысан бойынша);
- Флюорография ( жатақханаға орналасу жағдайында).
Халықаралық қатынастар және академиялық ұтқырлық басқармасында «АТУ» АҚ
mobilnostatu@gmail.com
+77272927716, тел. 189