«OLOVO» сәнді мейрамханасының Бас аспазшысынан мастер-класс
Бүгін АТУ Тағам технологиялары факультеті шәкірттері үшін «OLOVO» сәнді мейрамханасының Бас аспазшысы Кулакиди Павел оқыту шеберлік сабағын ұйымдастырды. Іс-шара Халықаралық аспаздар күніне орайластырылды.
Павел студенттермен бірге жапон тағамдарын дайындады: жапондық күріш қосылған карамель терияктағы лосось филесі және бәріміздің сүйікті Филадельфия роллы. Десертке шоколад тартині берілді.
Павел өзінің кәсіби жолын мейрамханада тағылымдамадан өтуден бастап танымал мекеменің Аспазшысына дейін жүріп өтті. 14 жасынан бастап мейрамхана бизнесі саласында жұмыс істейді. Сондай-ақ қаламызағы көптеген танымал мейрамханаларда жұмыс істеп үлгерді. Сондықтан ол шәкірттерімізге көптеген қызықты ақпараттарды, соның ішінде азық түліктер мен тағамдардың тарихы мен географиясы туралы айтып, өзінің кәсіби құпияларын ашты.
Мұндай іс-шаралар тағам технологиялары факультетінде жиі болып тұрады. Өз ісінің үздік мамандарынан тұрақты негізде өткізілетін тәжірибелік мастер-класстар біздің шәкірттерімізге өздерінің барлық білімдері мен дағдыларын практикада қолдануға, сондай-ақ өздерінің кәсіби бағытында өсуге және ой-өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді.