АТУ-дың 65 жылдығына арналған, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
АТУ-дың 65 жылдығы мен Республика Күніне арналған салтанатты іс-шара аясында «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясын инновациялық дамыту» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Секциялық отырыстар мына алты бағыт бойынша өткізілді: «Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру техникасы мен технологиясы, олардың сапасы мен қауіпсіздігі», «Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі тауарлары мен бұйымдарының технологиясы мен қауіпсіздігі; дизайн және сән», «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясының экономикалық мәселелері, мейрамхана және қонақ үй бизнесі технологиясы», «Тамақ және жеңіл өнеркәсіптің технологиялық процестері мен жабдықтары. Технологиялық процестерді инфокоммуникациялық басқару», «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы мәселелер», «Білім берудегі инновациялық технологиялар».
Бұл конференция осы салалардағы ғылыми жетістіктермен танысу, өзекті мәселелерді талқылау,ғалымдар арасында пікір алмасу үшін жақсы алаң болды. Сонымен қатар пленарлық отырыс өтті.
Салтанатты іс-шара АТУ ректоры Құлажанов Т.Қ. жұртшылықпен есептік кездесуімен, сондай-ақ мерекелік концертпен және университет қызметкерлерін салтанатты марапаттаумен жалғасады.





