«ТӨТ» кафедрасының 4 курс студенті Тұңгыш Президент Қорының студенттік стипендиясының иегері атанды
ТТФ «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының 4 курс студенті Ақерке Музафарова Тұңгыш Президент Қорының студенттік стипендиясының иегері атанды. Ол «ЖасSTAR» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі аясында Қор өткізген республикалық байқауда жеңіске жетті. Конкурс талаптарының қатарында үлгерімнің жоғары көрсеткіштері ғана емес, сонымен қатар конференциялар, форумдар, жарыстар, конкурстар, сөз сөйлеу, волонтерлік акциялар және т.б. сияқты түрлі жобалар мен бағдарламаларға қатысу және басқа жетістіктері ескерілді.
Бүгін салтанатты марапаттау рәсімінде Ақеркенің ғылыми жетекшісі, «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Матибаева А.И. лайықты марапатқа ие болды. Ақеркенің өзі қазіргі уақытта Болгарияда «Шетелдегі Семестр-2022» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуда.
Ақерке мен оның жетекшісін құттықтаймыз және жаңа табыстар тілейміз!