Алматы технологиялық университеті өзінің 65 жылдығын атап өтті

Алматы технологиялық университеті өзінің 65 жылдығын атап өтті. Осы жылдар ішінде АТУ қалыптасу мен дамудың серпінді және жарқын жолынан өтті.

65 жылдық кезеңде университет баға жетпес кадрлық және ғылыми әлеует жинақтады, қуатты материалдық-техникалық база құрды, тамақ, өңдеу, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, инжиниринг және IT, экономика және бизнес, қызмет көрсету және қонақжайлылық салалары үшін жоғары білімі бар 60 000-ға жуық маман дайындады.

Сапалы білім және оның тәжірибелік бағыты, АТУ ұсынатын білім беру қызметтері нарығында жоғары сұранысқа ие. Бұған беделді халықаралық рейтингтер де дәлел бола алады. Биыл АТУ алғаш рет ТОР 600 QS Wold University Ranking-2023-ке кірді, сондай-ақ IAAR Eurasian University ranking-2022 нұсқасы бойынша еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орны болып танылды.

АТУ-дың 65 жылдығына арналған және Республика Күніне орайластырылған салтанатты іс-шара аясында «Тамақ, жеңіл өнеркәсіп және қонақжайлылық индустриясын инновациялық дамыту» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, АТУ ректорының жұртшылықпен есептік кездесуі болды. Сондай-ақ студенттердің шығармашылық бірлестіктері ұйымдастырған мерекелік концерт және АТУ үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Мерекенің құрметті қонақтары: біздің құрметті ардагерлеріміз бен түлектеріміз, қамқоршылық кеңестің мүшелері, серіктес кәсіпорындардың өкілдері және АТУ ұжымы.

Мерекелік концерт «Алатау серілері» танымал тобының Республика күніне арналған патриоттық қойылымымен аяқталды.